Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері балуан Демеу Жадыраев пен оның бапкері Боранбек Қоңыратовтың биі таспаланған видео әлеуметтік желіде кеңінен таралды. Тіпті аталмыш бейнежазба әртүрлі платформада миллиондаған қаралым жинап үлгерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Видеода грек-рим күрес шебері Демеу Жадыраев пен бапкері Боранбек Қоңыратовтың ерекше биін көруге болады.
Кейіннен белгілі болғандай, бұл ешқандай би емес, Боранбек Қоңыратовтың кезінде шәкіртіне дене қыздыру үшін арнайы дайындаған жаттығуы екен. Сол уақыттағы шақты еске алып, бапкері мен шәкірті осы жаттығуды қайталады. Әлеуметтік желі қолданушылары бұл видеоға әртүрлі пікір қалдырды:
"Қалай билесе де жарасады", "Негізі өте жақсы жаттығу, пайдасы көп", "Жарайсың, баса бер", "Шедевр", "Брейк-данстан да барса орын алады екен ғой", "Керемет би, өте жарасымды", "Бұл би емес, жаттығу".
Сондай-ақ Демеу Жадыраев Парижде спортшыларды құрметтеу кешінде осы биді басты сахнада орындап, көпшіліктің қошеметіне бөленген болатын.
Айта кету керек, әлеуметтік желіде Париждегі жазғы Олимпиада чемпионы, дзюдошы Елдос Сметов пен оның жеке бапкері Ғалымжан Жылгелдиевтің қазіргі уақытта хит болған әнге билеген видеосы тараған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147763-qalai-bilese-de-zharasady-demeu-zhadyraev-pen-bapkerining-bii-kopshilikti-tanti-etti-video/