Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тағы турнирге қатысатын болды

Жарияланған күні:

Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева
Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева. Фото: Robert Prange/Getty Images

Қазақстандық теннисшілер Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтетін турнирге қатысады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан теннис федерациясының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың басында Елена денсаулығына байланысты наурыз айында Индиан-Уэллсте және мамырда Римдегі WTA-1000 турнирлерінен бас тартуға мәжбүр болды. Екі спортшы да маусым айында Уимблдонда өнер көрсетті, бірақ Париж Олимпиадасында ойнай алмады және Торонтодағы WTA 1000 турнирін жіберіп алды. Енді тек алаңдағы ойын қалпына келтіру процесінің қаншалықты сәтті өткенін және спортшылардың бұрынғы қалпына жету үшін қанша уақыт кететінін көрсетеді. Сәттілік тілейміз", - делінген Қазақстан теннис федерациясының жазбасында.

Бұл турнир АҚШ-тың Цинциннати қаласында 13-19 тамыз аралығында WTA-1000 санаты бойынша өтеді.

Елена Рыбакина турнирді екінші кезеңнен бастайды. Ол канадалық Лейла Фернандес (әлемдік рейтингте 25-орында) пен қытайлық Юань Юэ (42-орында) арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Ал Юлия Путинцева жарысты алғашқы айналымнан бастайды. Ол іріктеу кезеңінде жеңіске жеткен бір теннисшімен шеберлік байқасады.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан теннис федерациясы еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина денсаулығына байланысты Париждегі XXXIII жазғы Олимпиада ойындарына қатыса алмайтынын хабарлаған еді.

Юлия Путинцева болса, Парижге келіп, Олимпиада ойындарына белсенді дайындықты бастап кеткен еді. Алайда, украиналық теннисші Марта Костюкпен алғашқы ойын алдында дайындық кезінде тізесінің жарақатына байланысты жарысқа қатыса алмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2147859-olimpiadaga-qatysudan-bas-tartqan-qazaqstandyq-tennisshiler-aqsh-tagy-turnirde-baq-synaidy/