Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Шахматтағы жанжал: қарсыласын уламақ болған қыз федерациядан қуылды

Жарияланған күні:

Амина Абакарова
Амина Абакарова. Фото: stmkala.ru

Дағыстанда классикалық шахмат чемпионаты кезінде қарсыласының үстеліне сынап құйған Амина Абакарова аймақтық шахмат федерациясынан қуылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "РИА Новости" агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға тамыз айының басында Дағыстанда классикалық шахмат чемпионаты кезінде болды. Бейнебақылау камерасына түсірілген видеодан Амина Абакарова белгісіз затты қарсыласы Умайганат Османова отыратын үстелге жағып жатқанын көруге болады. Кейін бұл зат сынап болғаны анықталды.

Ойын барысында Османова өзін нашар сезініп, оған медициналық көмек қажет болды. Абырой болғанда, басқа ешкім зардап шеккен жоқ.

Осы оқиғадан кейін Амина Абакарова Ресей шахмат федерациясы (РШФ) аясындағы барлық жарыстардан уақытша шеттетілді, әрі оған өмір бойғы дисквалификация қаупі төніп тұр. Дағыстан ІІМ қызметкерлері аталмыш оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

Соған қарамастан, Умайганат Османова чемпионатқа қатысуын жалғастырып, екінші орынды иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2148363-shahmattagy-zhanzhal-qarsylasyn-ulamaq-bolgan-qyz-federatsiiadan-quyldy/