Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан Олимпиада жүлдегерлеріне ең көп сыйақы беретін топ-5 елдің қатарына кірді

Жарияланған күні:

Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада медалін мойнына тақты
Ғұсман Қырғызбаев Олимпиада медалін мойнына тақты. Фото: Michael Reaves/Getty Images

СNBC басылымы Париж Олимпиадасында жүлде жеңіп алған спортшыларына ең көп сыйақы беретін елдердің тізімін жасады. Бұл тізімде Қазақстан 5-орында тұр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

CNBC басылымы Олимпиадаға қатысқан елдердің Ұлттық Олимпиада комитетінен, спорт қауымдастықтарынан ақпарат жинап, талдау жүргізген. Нәтижесінде, Париж Олимпиадасында жүлделі болған спортшыға ең қымбат сыйақы тағайындаған ел Гонконг болып шықты. Бұл мемлекетте алтын медаль үшін – 768 мың доллар, күміске – 384 мың доллар, қолаға – 192 мың доллар беріледі.

Тізімде Қазақстан 5-орынға жайғасты. Елімізде алтын медаль жеңіп алған спортшы 250 мың доллар, күміс жүлдегер 150 мың доллар, ал қола жүлдегер 75 мың доллар алады.

Айта кетейік, Гонконг спортшылары Париж Олимпиадасында 2 алтын және 2 қола жүлде жеңіп алып, жалпы есепте 37-орынға тұрақтады. Ал Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлдемен 43-орынға табан тіреді.

Олимпиада жүлдегерлеріне ең көп сыйақы беретін елдер
Олимпиада жүлдегерлеріне ең көп сыйақы беретін елдер. Скриншот: cnbc.com

Еске салайық, Париж Олимпиадасында қай елдер алғаш рет жүлде еншілегенін жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2148834-qazaqstan-olimpiada-zhuldegerlerine-eng-kop-syiaqy-beretin-top-5-elding-qataryna-kirdi/