Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Құны 20 млн теңге: блогер NNN Нұрбек Оралбайға жаңа көлік сыйға тартты (видео)

Жарияланған күні:

Нұрбек Оралбай мен NNN
Нұрбек Оралбай мен NNN. Видеодан кадр: Instagram/nnnurdaylet

Танымал блогер NNN отандық кәсіпкерлермен біріге отырып, Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері атанған Нұрбек Оралбайға су жаңа көлік сыйлады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ жазады.

Желі жұлдызы Олимпиадада ел намысын қорғап келген боксшыға жаңа көліктің кілтін табыстап жатқан видеоны Instagram-дағы парақшасында жариялаған.

NNN кәсіпкерлермен бірге Нұрбек Оралбайға Zeekr автокөлігін сыйлаған. Темір тұлпардың құны шамамен 20 млн теңгені құрайды.

Блогердің айтуынша, спортшыға бастапқыда сыйламақ болған көлік жол апатына түсіп, беруге жарамсыз болып қалған. Десе де, кәсіпкерлер Париж Олимпиадасының күміс жүлдегеріне уәде еткен темір тұлпарды табыстаған.

Сонымен қатар бизнесмендер Нұрбектің ағасы Айбек Оралбайды да сыйсыз қалдырмаған. Олар спортшыға 5 млн теңгелік сертификатты тарту етті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2149131-quny-20-mln-tengge-bloger-nnn-nurbek-oralbaiga-zhanga-kolik-syiga-tartty-video/