Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Олимпиада жүлдегерлері": министрлік өкілі коронавирус жұқтырған спортшылар туралы айтты

Жарияланған күні:

Қазақстан құрамасы
Қазақстан құрамасы. Фото: Arturo Holmes/Getty Images

Париж Олимпиадасында жүлде иеленген 3 қазақстандық спортшыдан, сондай-ақ 2 бапкерден коронавирус инфекциясы анықталды. Бұл туралы Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі Диас Ахметшәріп айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Коронавирус инфекциясы 3 жүлдегер спортшы мен 2 бапкерден анықталды. Жалпы спортшыларды тексеру барысында олардың ПТР тесті оң нәтиже көрсетіп, COVID-19 вирусы анықталды. Үш спортшының үшеуі де Париж Олимпиадасында жүлдеге қол жеткізген спортшылар. Қазір олар оқшауланып, ем-дом қабылдап жатыр. Жағдайлары жақсы. Вирус жеңіл формада өтуде. Тезірек сауығып кетулеріне тілектеспіз. Құраманың қалған мүшелері дін аман", - деді Диас Ахметшәріп.

Еске салайық, 15 тамызда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Париж Олимпиадасының жүлдегерлерімен және бапкерлермен кездесуі керек болған. Алайда атлеттер мен жаттықтырушылардың жартысынан коронавирус инфекциясы анықталғанына байланысты кездесу кейінге шегерілді.

14 тамызда Тоқаев Париж қаласында өткен XXXIII жазғы Олимпиада ойындарындағы жоғары спорттық жетістіктері үшін Ұлттық құраманың бір топ спортшысы мен бапкерін мемлекеттік наградалармен марапаттаған болатын.

Париж Олимпиадасында Қазақстан құрамасы 1 алтын, 3 күміс, 3 қола жүлде иеленіп, жалпы есепте 43-орынға жайғасқан еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2149279-koronovirus-zhuqtyrgan-qazaqstandyq-sportshylar-men-bapkerlerding-zhagdaiy-qalai/