Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан таеквондо федерациясының президенті қызметінен кетті

Жарияланған күні:

Вячеслав Ким
Вячеслав Ким. Фото: olympic.kz

Вячеслав Ким Қазақстан таеквондо федерациясының президенті қызметінен кетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ федерацияның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Федерацияның мәліметінше, аталған шешім Вячеслав Константиновичтің ҚТФ президенті лауазымында жасаған жұмысы мен қол жеткізген барлық жетістігін ұзақ сараптау мен бағалаудың нәтижесінде қабылданды.

Вячеслав Ким таеквондо федерациясын 2013 жылдан бері басқарды. Федерация басшысымен бірге вице-президенттер Қанат Сағынаев, Шадияр Қондыбаев, Арман Шылманов, бас хатшы Олжас Бесбаев та қызметтен кетті.

"2013 жылы таеквондо федерациясына тағайындалғалы бері осы спорт түрін елімізде дамытып, танымал ету басты мақсатым болды. Осы жылдар ішінде біз бірге елеулі табыстарға қол жеткіздік деп мақтанышпен айта аламын. Күн сайын ҚТФ командасымен спортшыларымыздың өсуі мен дамуына жағдай жасау үшін жұмыс істедік.

Қазақстандық таеквондошылар халықаралық аренада лайықты нәтиже көрсетті және оларды бұдан да көп жеңістер күтіп тұрғанына сенімдімін. Біз Қазақстанның таеквондо тарихындағы бірінші халықаралық турнирді, Astana Grand Prix 2014 және Kazakhstan Open G-1 турнирін өткізе алдық. Бұл тек бастамасы ғана. Біздің жоғары деңгейдегі турнирлерді өткізуге әлеуетіміз де, мүмкіндігіміз де бар және бұл жол жалғасын табады деп ойлаймын.

Бүгін бұл эстафетаны тапсыру барысында мен әріптестеріме, спортшыларға, жаттықтырушыларға және бізді қолдаған барлық адамға шексіз алғысымды білдіргім келеді. Бұл керемет жол жалғасын тауып, күн сайын жаңа жеңістер әкелсін.

Сенімдеріңізге рахмет! Қазақстан таеквондосын алда талай жаңа жетістіктер күтіп тұрғанын сеніммен айта аламын. Біздің ортақ жұмысымыз осы спортпен айналысатындардың барлығына пайда мен қуаныш әкелсін", - деді Ким.

Айта кетейік, Вячеслав Константинович басшы болған жылдары Қазақстанда таеквондомен айналысатындар саны 12 000-нан 50 000 адамға дейін өскен. Таеквондо федерациясының тарихында алғаш рет Astana Open 2014 Гран-при және Kazakhstan Open сияқты ірі халықаралық жарыстар өткізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2149938-viacheslav-kim-qazaqstan-taekvondo-federatsiiasynyng-prezidenti-qyzmetinen-ketti/