Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Юлия Путинцева АҚШ-та өткен турнирдің ақтық сынында жеңіліс тапты

Жарияланған күні:

Юлия Путинцева мен Лейла Фернандес
Юлия Путинцева мен Лейла Фернандес. Фото: ktf.kz

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Цинциннатиде (АҚШ) өткен WTA 1000 турнирінің финалында жеңіліс тапты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық теннисші канадалық Лейла Фернандеспен бірге жұптық сында өнер көрсетті. Олар финалда америкалық Айша Мұхаммед пен жаңазеландиялық Эрин Роутлифке қарсы кездесу өткізді.

Тартыстың матчтың жеңімпазы тайбрейкте анықталды. Путинцева мен Фернандес 6:3, 1:6, 4:10 есебімен есе жіберіп қойды. Бұл ойын 49 минутқа созылды.

Юлия Путинцева өз мансабында екінші мәрте жұптық сайыстың ақтық кезеңіне шығып отыр. Осыған дейін қазақстандық теннисші ресейлік Анна Калинскаямен бірге Осакадағы WTA 250 турнирінің финалына дейіг жеткен еді.

Естеріңізге сала кетейік, Франция астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындарына Юлия Путинцева тізе жарақатына байланысты қатыса алмаған болатын. Ал Цинциннатидегі жарыс қазақстандық теннисші үшін Олимпиададан кейінгі алғашқы бәсекесі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2150434-iuliia-putintseva-aqsh-ta-otken-turnirding-aqtyq-synynda-zhengilis-tapty/