Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Арамызда химия болатындай адамды жолықтырмадым": Назым Қызайбай жеке өмірі туралы айтты

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай
Назым Қызайбай. Фото: Richard Pelham/Getty Images

Париж Олимпиадасында қола жүлде иеленген қазақстандық боксшы Назым Қызайбай жеке өмірі туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Sport+ Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды.

"Жүрегім бос, өз адамымды әлі кездестірмедім. Жақсы жігіттер көп, бірақ арамызда химия болатындай адамды жолықтырмадым. Әлеуметтік желіде танысқысы келіп жазатындар көп. Бірақ бәріне жауап бере бермеймін", - деді Назым Қызайбай.

Сондай-ақ боксшы болашақ жары қандай қасиеттерге ие болуы керегін айтты.

"Ең бірінші мінезі жақсы, сыйлайтын адам болуы қажет. Кейбіреуі басында сыйлап, кейін жақынырақ араласқанда қарым-қатынасы өзгеріп кетеді.

Маған "спортты тастап, күйеуге шық" деп бұйыратындар бар. Бәрі уақытымен болады. Қай уақытта пешенеңе жазылса, сол уақытта күйеуге шығасың. Қазір ол жағын ойлап жатқан жоқпын. Демалып жатырмын. Жалпы таныстыққа ашықпын", - деді Олимпиада жүлдегері. 

Назым Қызайбай өзге ұлт өкіліне тұрмысқа шығуға қатысты пікір білдірді.

"Өткенде анама "өзге ұлт өкіліне күйеуге шықсам" деген едім. "Қазақ табылмады ма" деп қарсы болды. Намыстары оянып кетті ме, білмеймін. Жақсы көретін адам болса, кімге көңілің түсетінін білмейсің ғой. "Қазаққа ғана шығамын" немесе "қазаққа шықпаймын" деген нәрсе жоқ. Бұйырғаны болады", - деді ол.

Еске салайық, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай спортшысы Ву Юдан жеңіліп, қола жүлде еншілеген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2150646-aramyzda-himiia-bolatyndai-adamdy-zholyqtyrmadym-nazym-qyzaibai-zheke-omiri-turaly-aitty/