Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар": Жанқош Тұраровтың әйелі күйеуіне қатысты іс туралы айтты

Жарияланған күні:

Жанқош Тұраров пен Клара Иса
Жанқош Тұраров пен Клара Иса. Фото: instagram.com/klarita_os

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса күйеуіне тағылған айып туралы пікір білдірді. Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінген еді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Хабарласқанда телефон алуға шамасы келмей, уақыт таппай жүрген "құрбы-таныстың" бәрі түннен бері хабарласып хәл-жағдай сұрасты ғой бүгін. Бәрі дұрыс, уайымдамаңыздар. Ел алдында жүрген адамдар туралы не айтылмай жатыр", - деп жазды Клара Иса Instagram Stories-ке.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

"Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - делінген ПД ақпаратында.

Осыдан кейін Жанқош Тұраров өзіне жала жабылғанын және мәселенің мән-жайын анықтайтынын айтқан болатын.

Клара Исаның Instagram Stories-і
Клара Исаның Instagram Stories-і. Скриншот: instagram.com/stories/klarita_os

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2151904-bari-durys-uaiymdamangyzdar-zhanqosh-turarovtyng-aieli-kuieuine-qatysty-is-turaly-aitty/