Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық теннисші отандасын жеңіп, US Open іріктеуінің финалына өтті

Жарияланған күні:

Читать на русском
Тимофей Скатов
Тимофей Скатов. Фото: instagram.com/skatov_timofey

Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов АҚШ ашық чемпионатының іріктеу кезеңінің финалына жолдама алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Тимофей Скатов екінші айналымда отандасы Бейбіт Жұқаевпен кездесті. Екі қазақстандық теннисші арасындағы ойында 3:6, 7:6 (7:5), 6:1 есебімен Скатов жеңіске жетті. Матч 2 сағат 17 минутқа созылды.

Іріктеу кезеңінің үшінші кезеңінде Скатов британиялық Билли Харриспен ойнайды. Егер жеңіске жетсе, қазақстандық теннисші Александр Бублик пен Александр Шевченко да қатысатын US Open турнирінің басты додасында бақ сынайды.

Айта кетейік, Қазақстанның алтыншы ракеткасы Денис Евсеев іріктеудің екінші кезеңінде жарыстан шығып қалған еді. Ол 3:6, 2:6 есебімен голландиялық Йеспер де Йонгқа есе жіберді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2151996-qazaqstandyq-tennisshi-otandasyn-zhengip-us-open-irikteuining-finalyna-otti/