Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбылдықтар Олимпиаданың күміс жүлдегері Нұрбек Оралбайға көлік мінгізді

Жарияланған күні:

Нұрбек Оралбай
Нұрбек Оралбай. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

Париж Олимпиадасында күміс жүлде еншілеген қазақстандық боксшы Нұрбек Оралбайды Жамбыл облысының жұрты сән-салтанатпен қарсы алып, көлік мінгізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қазақстан бокс федерациясына сілтеме жасап хабарлайды.

Нұрбек Оралбай ыстық ықыласпен қарсы алған жұртшылыққа алғыс айтты. Оған су жаңа көлік кілті табыс етілді.

"Туған жеріміз Жамбыл облысына келдік. Ыстық ықыласпен күтіп алып, қолдап жатқандарыңызға рахмет. Үлкен белестер алда, мұнымен тоқтамаймыз. Келесі Олимпиада ойындарында Қазақ елін қуантамын деп ойлаймын", - деді Нұрбек Оралбай.

Айта кетейік, Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілтін, ал жаттықтырушысы Асқар Еркебаевқа 10 млн теңгенің сертификатын табыстаған еді.

Париж Олимпиадасында 80 кг салмақта жұдырықтасқан Нұрбек Оралбай финалда Украина спортшысы Александр Хижнякпен кездесті. Олимпиада алтынына таласта қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіліс тауып, күміс жүлде иеленген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2152105-zhambyldyqtar-olimpiadanyng-kumis-zhuldegeri-nurbek-oralbaiga-kolik-mingizdi/