Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді

Жарияланған күні:

Әбиба Әбужақынова
Әбиба Әбужақынова. Скриншот: instagram.com/stories/abiba48

Париж Олимпиадасында бесінші орын алған қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Қазақстандық дзюдошының Instagram Stories-інде жарияланған видеоға сүйенсек, оған "Жеңіс" дзюдо клубының президенті атынан су жаңа автомобиль тарту етілген.

Әбиба Әбужақынова Парижден оралғалы осымен үшінші көлікті сыйға алып жатыр. Ең бірінші болып дзюдошыға "Республика" партиясының төрағасы Айдарбек Ходжаназаров көлік мінгізсе, кейін Атырау облысының әкімі де темір тұлпардың кілтін табыстаған еді.

Еске салайық, Әбиба Әбужақынова Париж Олимпиадасында 48 кг салмақ дәрежесінде белдесті. Ол қола жүлдеге таласта швециялық Тара Бабулфаттан жеңіліп, бесінші орын алған болатын.

Әбужақынова Парижде аралас командалық сынға да қатысты. Бұл сайыста Қазақстан құрамасы Бразилиядан 5:2 есебімен жеңіліп қалды. 57 кг салмақта белдесетін дзюдошы қыз болмағандықтан, осы салмақта Әбиба ел намысын қорғап, Рафаэла Сильваға есе жіберген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2152287-dziudoshy-abiba-abuzhaqynovaga-tagy-bir-kolik-syiga-berildi/