Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елена Рыбакина өзін бес жыл жаттықтырған бапкермен енді жұмыс істемейтінін хабарлады

Жарияланған күні:

Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина. Фото: HENRY NICHOLLS/AFP via Getty Images

Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина хорватиялық бапкер Стефано Вуковпен серіктестікті тоқтатқанын мәлімдеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

37 жастағы Стефано Вуков қазақстандық теннисшіні 2019 жылдан бері жаттықтырған еді.

"Бес жылдық серіктестіктен кейін Стефано екеуіміз енді бірге жұмыс істемейміз. Мен оған корттағы жұмысы үшін алғыс айтамын және бар жақсылықты тілеймін. Бәріңізге қолдауларыңыз үшін рахмет", - деп жазды Рыбакина Instagram желісіндегі парақшасында.

15 тамызда Елена Рыбакина Цинциннатиде (АҚШ) өткен WTA 1000 турниріндегі алғашқы матчында әлемнің 24-ракеткасы канадалық Лейла Фернандестен ұтылған еді. Оның алдында теннисші Уимблдон-2024 турниріне қатысып, жартылай финалда Чехия өкілі Барбора Крейчиковаға есе жіберген болатын.

Сондай-ақ Елена Рыбакина Франция астанасы Парижде өткен Олимпиада ойындарына денсаулығына байланысты қатыса алған жоқ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2152399-elena-rybakina-ozin-bes-zhyl-zhattyqtyrgan-bapkermen-endi-zhumys-istemeitinin-habarlady/