Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Тойымыз үйде өтті": Олимпиаданың күміс жүлдегері қырғызстандық Мұнарбек Сейітбекұлы үйленді

Жарияланған күні:

Мұнарбек Сейілбекұлы жарымен
Мұнарбек Сейілбекұлы жарымен. Фото: instagram.com/munar.1

Олимпиаданың күміс жүлдегері қырғызстандық Мұнарбек Сейітбекұлы шаңырақ көтерді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ спортшының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

"24 тамыз - Құдайдың маған берген жақсы күндерінің бірі болды. Мен некелесіп, әйеліммен бірге екі дүниенің бақытына жол бастадым. Президентіміздің ысырапқа жол бермеу туралы сөзіне қосыламын және сіздерді де солай етуге шақырамын. Тойымыз шариғатқа сай, үйде өтті", - деп жазды қырғызстандық спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Қырғызстан тарихында алғаш рет қырғыз боксшысы Мұнарбек Сейітбекұлы Олимпиаданың финалына шығып, Париждегі төртжылдық спорт сайынсында жүміс жүлдегер атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2153043-toiymyz-uide-otti-olimpiadanyng-kumis-zhuldegeri-qyrgyzstandyq-munarbek-seiitbekuly-uilendi/