Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық ескекші әлем чемпионатында қола жүлде жеңіп алды

Жарияланған күні:

Мария Бровкова
Мария Бровкова. Фото: Сали Сабиров/olympic.kz

Қазақстандық ескекші Мария Бровкова Өзбекстанда өтіп жатқан байдарка мен каноэде есуден олимпиадалық емес қашықтықтардағы әлем чемпионатында қола жүлде еншіледі. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Мария Бровкова бір адамдық каноэмен 500 метрге жарысудан бақ сынады. Ол белгіленген межені 02:09.731 минутта бағындырып, мәреге үшінші болып жетті.

Алтын медальді украиналық Людмила Люзан жеңіп алса, күміс жүлде чилилік Мария Хосеге бұйырды.

Айта кетейік, Бровкова Франция астанасы Париждегі Олимпиада ойындарына да қатысқан еді. Ол бір адамдық каноэмен 200 метрге жарысудан, сондай-ақ отандасы Руфина Искаковамен 500 метрге жұптық каноэмен сайысудан сынға түсіп, екеуінде де жартылай финалға өте алмаған болатын.

19 жастағы Мария 2022 жылы 23 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы әлем чемпионатында топ жарса, 2023 жылы Азия ойындарының қола жүлдегері атанған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2153062-qazaqstandyq-eskekshi-alem-chempionatynda-qola-zhulde-zhengip-aldy/