Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қонаевтың жеке күзетін басқарған генерал-лейтенант Назым Қызайбайды марапаттады

Жарияланған күні:

Назым Қызайбай мен Амангелді Шабдарбаев
Назым Қызайбай мен Амангелді Шабдарбаев. Скриншот: instagram.com/b1rinshibol

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Амангелді Шабдарбаев Париж Олимпиадасының қола жүлдегері Назым Қызайбайды арнайы орденмен марапаттады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Амангелді Шабдарбаевтың боксшы Назым Қызайбаға орден табыстаған сәтінің видеосы Instagram желісіндегі 1bol парақшасында жарияланды.

"Мінекей біздің қызымыз, жерлесіміз, Олимпиадаға барып қола медаль алып келіп отыр. Арнайы Дінмұхамед Қонаевтың орденін жасадық. Соны қызымыздың кеудесіне тағып отырмыз", - деп Амангелді Шабдарбаев Назым Қызайбайдың маңдайынан сүйді.

Айта кетейік, Назым Қызайбай Париж Олимпиадасының жартылай финалында Қытай спортшысы Ву Юдан 4:1 есебімен жеңіліп, қола жүлдегер атанған еді. Бұл оның мансабындағы алғашқы Олимпиада болды. 30 жастағы қазақстандық боксшы әлем чемпионатында екі мәрте алтын алып, бір мәрте қола медаль еншілеген және Азия чемпионы атанған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2153413-qonaevtyng-zheke-kuzetin-basqargan-general-leitenant-nazym-qyzaibaiga-erekshe-marapat-tabystady/