Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыз зорлады деп айыпталған Жанқош Тұраровтың адвокаты мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Жанқош Тұраров
Жанқош Тұраров. Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Қыз зорлады деп айыпталған белгілі кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраровтың адвокаты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна ақпаратынша, адвокат Жанқош Тұраров қылмыстық істе күдікті емес, куәгер ретінде тергеліп жатқанын айтты. Бұл ретте ол боксшының зорлады деп айыптаған қызбен тек желіде таныс екенін растады.

"Мүмкін танымал болу, ақша бопсалау мақсаты болуы мүмкін. Жанқош Тұраровтың абыройын түсіру немесе бөгде адамдардың тапсырмасы және басқа да версиялар бар. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру аяқталғаннан кейін арызданушының арызы жалған болып шықса, Қылмыстық кодекстің 419-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапқа тартылады. Бұл бап бойынша 3 жылдан 8 жылға дейін бас бостандығынан айыратын жаза көзделген", - дейді Жанқош Тұраровтың адвокаты Самат Мамұтов.

Дереккөз: КТК арнасы

Еске сала кетейік, әлеуметтік желіде танымал кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров қыз зорлады деген күдікке ілінгені туралы ақпарат пайда болды. Бұған қатысты Алматы полиция департаменті пікір білдірді.

"Келіп түскен арызға байланысты Әуезов аудандық полиция басқармасы қылмыстық іс қозғады. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазір оқиғаның толық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүріп жатыр", - делінген ПД ақпаратында.

Кейін арыз түсірген қыз БАҚ өкілдеріне сұқбат беріп, оқиғаның қалай болғанын айтқан болатын. Қыз сұқбатта боксшы жазасын алғанын қалайтынын жеткізген.

Осыдан кейін Жанқош Тұраров өзіне жала жабылғанын және мәселенің мән-жайын анықтайтынын айтқан болатын.

Сондай-ақ Жанқош Тұраровтың әйелі Клара Иса да күйеуіне тағылған айып туралы пікір білдірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2153694-qyz-zorlady-dep-aiyptalgan-zhanqosh-turarovtyng-advokaty-malimdeme-zhasady/