Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Лос-Анджелесте кездескенше": Елдос Сметов мемлекет басшысымен кездесуден кейін мәлімдеме жасады

Жарияланған күні:

Елдос Сметов
Елдос Сметов. Фото: t.me/aqorda_resmi

Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесуден кейін Instagram желісіндегі ресми парақшасында жазба жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 27 тамызда президент Қасым-Жомарт Тоқаев Олимпиада жүлдегерлерімен кездесуі барысында Елдос Сметовты I дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады. Сондай-ақ оның жеңісін ерекше атап өтті.

Өз кезегінде Елдос Сметов те өзіне ерекше қолдау білдірген Қасым-Жомарт Тоқаевқа өз алғысын жеткізді.

"Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, бүгінгі іс-шарада сіздің алдыңызда сөйлеу мен үшін үлкен мәртебе. Әлемдік ареналарда әнұранымызды шырқатып, көк туды көкте желбіретуге мүмкіндік сыйлаған халқыма алғысымды айтқым келеді. Үш Олимпиада ойындарында аянбай еңбек етіп, тер төгіп, Париж Олимпиадасында дзюдоның тарихындағы алтынды алсам деген арманым бар еді. Сол арманға сіздің және халықтың қолдауының арқасында жеттім деп білемін. Әр спортшының арманы Олимпиада ойындарында алтын алу. Осы жерде отырған спортшылар мен бапкерлер еліміздің абыройын асыруға үлкен үлесін қосты. Елімізідң тұңғыш Олимпиада чемпионы Жақсылық Үшкемпіров атамыздан кейін 44 жыл күткен алтынды елімізге алып келгеніме, Париж төрінде әнұранды ойнатқаныма, көк туды көкте желбіреткеніме өте қуаныштымын. Халқымның қолдауын сезіндім. Әр белдесу сайын жігерленіп отырдым", - деді Елдос Сметов.

Ал Instagram желісіндегі ресми парақшасында бапкерлері мен отбасына ерекше алғысын айтты.

Бүгін мемлекет басшысының қабылдауында болдық. Спорт жолы оңай емес. Бізге әрқашан қолдау білдіріп келген ең алдымен халқыма және мемлекет басшысына ерекше алғыс білдіремін. Жанымнан табылған отбасыма, жаттықтырушыма мың алғыс. Қазақ елі жасасын! Көк туымыз биікте желбіресін! Лос-Анджелесте кездескенше!", - деп жазды Сметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2153880-los-andzheleste-kezdeskenshe-eldos-smetov-memleket-basshysymen-kezdesuden-keiin-malimdeme-zhasady/