Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Криштиану Роналду Мессиді басып озып, Гиннесс рекордтар кітабына енді

Жарияланған күні:

Криштиану Роналду
Криштиану Роналду. Фото: Ryan Pierse - UEFA/UEFA via Getty Images

Футболдан Португалия құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Криштиану Роналду Гиннесс рекордтар кітабына енді. Бұл жолы Роналдудың рекордқа жетуіне футбол емес, оның YouTube желісіндегі арнасы себеп болды, деп KAZ.NUR.KZ Гиннесс рекордтар кітабының ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Криштиану Роналду жаңа рекордты YouTube арнасында қол жеткізген жазылушылар санының жылдам өсуі бойынша орнатты. Оның арнасына алғашқы 24 сағат ішінде 19 729 827 адам жазылды. Бұл көрсеткіш Гиннесс рекордтар кітабына енді.

Алғашқы миллион жазылушыға Роналду небәрі 90 минут ішінде қол жеткізді, бұл YouTube тарихындағы ең жылдам көрсеткіш болып саналады. Арна ашылғаннан кейінгі алғашқы алты күнде жазылушылар саны 48 миллионнан асты.

Айта кетейік, Криштиану Роналду 2023 жылдан бері "Әл-Наср" клубында ойнайды, оның келісімшарты 2025 жылға дейін жасалған.

Роналду 5 мәрте "Алтын доп" иегері атанған, сондай-ақ 5 рет УЕФА Чемпиондар лигасын жеңген. Португалиялық футболшы мансабында "Спортинг", "Манчестер Юнайтед", "Реал Мадрид" және "Ювентус" клубтарында өнер көрсеткен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2154361-krishtianu-ronaldu-tagy-bir-rekord-ornatyp-messidi-basyp-ozdy/