Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Парижде жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды

Жарияланған күні:

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындары
Париждегі жазғы Паралимпиада ойындары. Фото: Julian Stratenschulte/picture alliance via Getty Images

Франция астанасы Парижде жазғы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Франция астанасы Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының Ашылу салтанаты қаланың орталығындағы "Келісім" алаңында өтеді. "Салтанат" қақпасынан бастау алатын ұлттар шеруі де сол маңда болады.

Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатын Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады.

Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Бұл жарыста қазақстандық 44 спортшы бақ сынайды. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2154636-parizhde-zhazgy-paralimpiada-oiyndarynyng-ashylu-saltanaty-bastaldy/