Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты (видео)

Жарияланған күні:

Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты
Қазақстан құрамасы Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Фото: Elsa/Getty Images

Қазақстан құрамасы Франция астанасы Париждегі Паралимпиада ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Салтанатты шара кезінде 168 делагацияның өкілдері Елисейден Келісім алаңына дейін шеру жасап өтті. Бұл шеруге Қазақстан құрамасы да қатысты. Көк байрағымызды пара оқ атудан ұлттық құрама мүшесі Севда Алиева мен отырып ойнайтын волейболдан ел намысын қорғайтын Берік Ізмағанбетов алып шықты. Алиева Қазақстан чемпионы болса, Ізмағанбетов Азия Паралимпиада ойындарының жүлдегері, Қазақстан чемпионатының он дүркін жеңімпазы.

Айта кетейік, 8 қыркүйекке дейін болатын Паралимпиада ойындарына қазақстандық 44 спортшы қатысады. Олар спорттың 9 түрінен, атап айтқанда, пара жүзу, пара пауэрлифтинг, пара жеңіл атлетика, пара каноэ, пара тхэквондо, отырып ойнайтын волейбол, пара оқ ату, пара үстел теннисі және пара дзюдодан 33 лицензия жеңіп алған еді.

Жалпы, 1996 жылдан бүгінге дейін қазақстандық спортшылар жазғы Паралимпиада ойындарында 7 медаль иеленген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2154637-qazaqstan-quramasy-paralimpiada-oiyndarynyng-ashylu-saltanatyna-qatysty/