Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарының бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар екі спорт түрі бойынша өнер көрсетеді. Жарыстар Астана уақыты бойынша басталады.
13:20. Пара таеквондо. Әйелдер, 52 кг дейін.
1/8 финал. Милана Красавцева (Қазақстан) — Элизабет Джералдо Диас (Доминикан Республикасы)
Сағат 20:00-де басталатын кешкі сессияда медаль үшін кездесулер өтеді.
23:00. Отырып ойнайтын волейбол. Ерлер, алдын ала тур, А тобы
Франция — Қазақстан
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы Паралимпиада ойындар 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан атынан спорттың тоғыз түрінен барлығы 44 спортшы қатысады.
Ал кеше, 28 тамызда Паралимпиада ойындардың ашылу салтанаты өтті.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2154703-paralimpiada-2024-bugin-el-namysyn-kimder-qorgaidy/