Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Сабақ беру ұнайтын": Демеу Жадыраев өзіне қатысты қызықты деректі бөлісті (видео)

Жарияланған күні:

Демеу Жадыраев
Демеу Жадыраев. Фото: Luke Hales/Getty Images

Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері Демеу Жадыраев Qazaqstan арнасындағы "1001 түн" бағдарламасына берген сұқбатында мамандығы ұстаз екінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Демеу Жадыраев қазақ ұлттық педагогикалық университетінде география және экология факультетінің бакалаврын тәмамдаған. Ол оқу тәжірибесі кезінде 3 ай балаларға сабақ беріп көргенін де айтты.

"География өзім жақсы көретін сабақ болатын. Cпортшы болмасам, ұстаз болуым мүмкін еді", - деді Олимпиаданың күміс жүлдегері.

Қазақстандық балуан оқушы кезінде де студенттік шағында да сабақ пен спортты қатар алып жүруге тырысқанын айтты.

Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен 77 кг салмақ дәрежесінде бақ сынап, финалға дейін жеткен еді. Ол ақтық сында жапон балуаны Нао Кусакадан 5:2 есебімен жеңіліп, күміс жүлде еншіледі.

Еске салайық, грек-рим күресінен Қазақстан командасының бұрынғы мүшесі, бес әлем чемпионатының жүлдегері Алмат Кебіспаев Демеу Жадыраевтың Олимпиада ойындарындағы жетістігі туралы айтқан болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2154876-olimpiada-zhuldegeri-demeu-zhadyraev-sportshy-bolmasam-ustazdyq-zholga-tuser-edim/