Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әскери атақ пен ақшалай сыйақы: Қорғаныс министрі Олимпиада жүлдегері атанған армия спортшыларын марапаттады (фото)

Жарияланған күні:

Руслан Жақсылықов пен Демеу Жадыраев
Руслан Жақсылықов пен Демеу Жадыраев. Фото: gov.kz

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Париж Олимпиадасынан оралған армия спортшыларымен кездесіп оларды жеңісімен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Руслан Жақсылықов отан алдындағы ерекше еңбегі, дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан зор үлесі, жоғары жетістіктері және кәсібилігі үшін Ғұсман Қырғызбаев пен оның сыңары Орталық спорт клубы дзюдо командасының аға жаттықтырушысы – бөлім бастығы Ғұмар Қырғызбаевқа мерзімінен бұрын "капитан" әскери атағын табыстады.

Руслан Жақсылықов пен Ғұсман Қырғызбаев
Руслан Жақсылықов пен Ғұсман Қырғызбаев. Фото: gov.kz

Cондай-ақ ҚР Қарулы күштерінің қызметшілері спортшы-нұсқаушылар Нариман Құрбанов пен Демеу Жадыраев, қатардағы жауынгер Ислам Сәтбаев ведомстволық "Ел қорғаны" медалімен марапатталды. "Қарулы күштердің үздігі" медалімен Олимпиада ойындарына қатысушы ОСК спорт ротасының жауынгері боксшы Мұхаммедсабыр Базарбайұлына берілді. Спортшылардың жаттықтырушылары да көтермеленді. Ал қалған қатысушылар ақшалай сыйақы иеленді.

Руслан Жақсылықов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы
Руслан Жақсылықов пен Мұхаммедсабыр Базарбайұлы. Фото: gov.kz

Спортшыларды құттықтаған қорғаныс ведомствосының басшысы генерал-полковник Руслан Жақсылықов армия спортшылары Қарулы күштердегі спорттың дамуына үлкен үлес қосып жатқанын атап өтті.

"Жақын арада жастар үшін әскери-спорт колледжін ашуды жоспарлап отырмыз. Біз ол үшін барлық қажетті жағдайларды жасаймыз және жас спортшыларға барынша қолдау көрсетеміз. Бұл армия спорты мен Орталық спорт клубының дамуына жаңа серпін береді", - деді Қорғаныс министрі. 

Қорғаныс министрі Олимпиадаға қатысқан армия спортшыларын марапаттады
Қорғаныс министрі Олимпиадаға қатысқан армия спортшыларын марапаттады. Фото: gov.kz

Айта кетейік, Париж Олимпиадасына ҚР Қорғаныс министрлігі Орталық спорт клубының 21 спортшысы бокс, дзюдо, ату, бадминтон, ескек есу, спорттық гимнастика, күрес, спорттық альпинизм, таеквондо, заманауи бессайыс және жеңіл атлетика секілді 11 спорт түрінен қатысты. Олар 4 арасында төрт спортшы медаль жеңіп алды. Гимнаст Нариман Құрбанов пен грек-рим күресінің балуаны Демеу Жадыраев күміс жүлде еншілесе, дзюдошы Ғұсман Қырғызбаев пен мерген Ислам Сәтбаев қола жүлдеге қол жеткізді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2154913-askeri-ataq-pen-aqshalai-syiaqy-qorganys-ministri-olimpiada-zhuldegeri-atangan-armiia-sportshylaryn-marapattady-foto/