Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Динара Сәтжанды танымай қалған Елдос Сметов елді күлкіге қарқ қылды (видео)

Жарияланған күні:

Елдос Сметов пен Динара Сәтжан
Елдос Сметов пен Динара Сәтжан. Видеодан кадр: Instagram/dinarasatzhan

Париж Олимпиадасының алтын жүлдегері Елдос Сметов белгілі тележүргізуші Динара Сәтжанды танымай қалып, елді күлкіге қарқ қылды. Спортшының видеосы желіде қызу талқыға түсті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Динара Сәтжан Париж Олимпиадасының жеңімпазын өз бағдарламасына құрметті қонақ ретінде шақырған. Алайда түсірілім алдында студияда күлкілі жағдай орын алған.

Елдос Сметов бағдарламаға асығып келе жатып, тележүргізуші Динара Сәтжанды танымай қасынан өтіп кеткен. Бұл сәтте Динара Сәтжан оны тоқтатып, өзінің кім екенін айтқан. Спортшы бұл қылығы үшін ыңғайсызданып қалды.

Тележүргізуші Елдос Сметовтың видеосын Instagram-дағы парақшасында бөлісіп, көпшілікке көрсетті. Бейнежазба оқырмандарға ерекше көңіл күй сыйлап, күлкіге қарқ қылды.

"Батыр аңғал келеді деген рас екен", "Тоқтамай күлдім. Елдос қатырды", "Динара ханым түсінбей қалған шығар", "Күшті сәтті ұстапсыздар. Күлкіден өлдім", "Динара Сәтжан таңғалып қалды ғой. Елдос әбден күлдірдің бізді", - деп жазуда көпшілік.

Сонымен қатар Динара Сәтжан Елдос Сметовтың бойындағы асыл қасиеттерді атап, оған деген сыйластығын білдірді.

"Кеше чемпионымыз қонақ болған бағдарламаны түңгі 00:00-де жаздық. Елдостың кестесі өте тығыз екен. Бір күнде 2 қала. Бірақ маған оның бақытты әрі еш шаршамайтыны ұнайды Шыншыл. Мейірімді. Жомарт, ол сыйлықтарының бәрін дерлік таратып жіберген. Дос болуды білетін адам. Достарын қолдай да біледі. Алтын алып түні бойы ұйықтамай, келесі күні Ғұсман Қырғызбаев досына қолдау көрсетуге барды. Ол да медаль алды! Мен Елдостан Токио мен Риода оған жеңіске не жетіспегеніне талдау жасадың ба, деп сұрадым. "Сол кездерде неге алтын ала алмадың?" дедім. Ол қысқаша ғана "бақ" деп жауап берді", - деп жазды тележүргізуші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2154933-dinara-satzhandy-tanymai-qalgan-eldos-smetov-eldi-kulkige-qarq-qyldy-video/