Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда "спорт" бөлімін ашқан "Кинопоиск" танымал турнирлер мен автожарыстардың трансляциясын ұсынбақ

Жарияланған күні:

Фильм іздеу"Спорт" бөлімін ашады
Сурет: Яндекс Плюс

Онлайн-кинотеатр Setanta Sports арнасымен серіктес болып, әлемнің ең ірі чемпионаттары мен турнирлерін көрсетеді. Жаңа спорт бөліміндегі алғашқы трансляциялар Ла Лига, АПЛ матчтары және Формула-1 Италия Гран-приінің 16-кезеңі болады.

"Кинопоиск"-та Яндекс Плюс қолданышуларына Қазақстан аумағында "Спорт" бөлімі қолжетімді болып отыр, онда Setanta Sports холдингімен келісім бойынша футбол, хоккей, жекпе-жек, автожарыс, баскетбол және теннис әлемінен негізгі спорттық іс-шаралардың көрсетілімдерін көруге болады. Барлық спорттық трансляциялар Setanta Sports 1, Setanta Sports 2, Setanta Qazaqstan телеарналарының эфирінде өтеді.

Футбол чемпионаттары арасында 2024-2025 маусымынан бастап жанкүйерлерге АПЛ (Англия Премьер-лигасы), Ла Лига (Испания Чемпионаты), Серия А (Италия Чемпионаты), Бундеслига (Германия Чемпионаты) және басқа да лигалардың матчтарының трансляциялары қолжетімді болады. Сонымен қатар "Кинопоиск" платформасында футболдан бөлек әлем чемпионаты Формула-1 (айналмалы автожарыс), UFC-дің ең үздік спортшылардың жекпе-жектері және ATP (ATP 1000 және Finals) мен WTA теннис турнирлерінің ойындарын тамашалауға болады.

Жаңа спорт бөлімінің алғашқы трансляциясы 28 тамызда Ла Лигадағы "Лас-Пальмас" пен "Реал Мадрид" арасындағы матч болады. Аптаның соңына дейінгі келесі трансляциялар — 1 қыркүйекте өтетін АПЛ-дағы "Манчестер Юнайтед" пен "Ливерпуль" кездесуi және Формула-1 Италия Гран-приінің 16-кезеңі.

Қазан айында "Кинопоиск" платформасындағы "Спорт" бөлімінде Қазақстандық көрермендерді жаңа NHL (Ұлттық хоккей лигасы) маусымының трансляциялары күтеді. Алғашқы кездесулер 4ші және 5ші қазанда "Нью-Джерси Девилз" және "Баффало Сейбрз" арасындағы матчтармен басталады. Ал қазан айының соңында Кинопоиск-та жаңа NBA (Ұлттық баскетбол ассоциациясы) жаңа маусымы басталады.

"Кинопоиск"-тағы спорттық трансляциялар Қазақстанда барған сайын танымал болып келеді. Биылғы жазда біз Евро-2024 матчтарын көрсеттік, және шілде айында Плюс жазылушыларының жалпы аудиториясы бойынша олар фильмдер мен сериалдармен қатар топ-10-ға кірді. Біз спорттық бөлімді дамытуға және өңірдегі барлық спорт сүйер қауым үшін көбірек контент ұсынуды жалғастырамыз," - деді Яндекс Плюс-тың Орталық Азия және Кавказ бойынша бас директоры Владимир Горбунов.

"Кинопоиск"-тің "Спорт" бөлімінде Ресейдің Бірінші лигасы бойынша футбол матчтарының және King of the Table армрестлинг турнирлерінің эксклюзивті трансляциялары қолжетімді. Жекпе-жек әлеміндегі оқиғалар — Top Dog, RCC Hard және Fight Nights — Udar телеарнасынан көруге болады, ал viju+ Sport автоспорт пен Оңтүстік Америка футболының трансляцияларын ұсынады. Жергілікті телеканалдар QArena, QLeague және QFootball Қазақстан премьер-лигасының матчтарын көрсетеді, ал Sport+Qazaqstan тез дамып келе жатқан ММА-промоушен Naiza-ның жекпе-жектерін көрсетеді.

Спорттық трансляциялардан бөлек, Яндекс Плюс жазылымымен Кинопоиск платформасында кино мен сериалдарды көруге, Букмейт кітап қызметін пайдалануға, Яндекс Музыкада сүйікті орындаушылардың шығармаларын тыңдауға болады. Сонымен қатар, Плюс арқылы Яндекс Афиша, Go, Еда және Заправка сервистерін пайланушыларға кэшбек баллдарын алуға мүмкіндік бар. Плюс жазылымына үш адамға дейін қосуға болады, әрқайсысы жеке аккаунт, Плюс баллдары, жеке топтамалар мен ұсыныстарға ие болады. Кино көру және музыка тыңдау 10 құрылғыда — телефон, ноутбук, Смарт ТВ, Станция және басқа да құрылғыларда мүмкін. Жазылымға 4 аккаунтқа дейін қосуға болады, қосымша опциялар мен серіктес қызметтерде кэшбэк және арнайы ұсыныстар алуға болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2155053-kinopoisk-qazaqstanda-sport-bolimin-ashyp-apl-la-liga-nhl-ufc-turnirleri-men-formula-1-avtozharystarynyng-transliatsiialaryn-usynbaq/