Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"100 жылқыны ағама бердім": Елдос Сметов сыйлықтарды жақындарына таратып берген

Жарияланған күні:

Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов
Қазақстандық дзюдошы Елдос Сметов. Фото: ijf.org

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов журналист Динара Сәтжанға берген сұқбатында сыйлықтардың көбін жақындарына таратып жібергенін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Елдос Сметовке Жамбыл облысының әкімдігі мен жергілікті демеушілер бірігіп су жаңа Lexus LX 600 көлігін мінгізген еді. Бұл темір тұлпарды спортшы әкесіне бергенін айтты. Ал кәсіпкер Жұмабек Жанықұлов сыйлаған Mersedes көлігін Олимпиада чемпионы өзі тізгіндемекші.

Сондай-ақ Елдос Сметовке туған жері Тұрар Рысқұлов ауданында Haval 6 көлі тарту етілген болатын.

"Бұл көлікті мені бес жасымнан бастап тәрбиелеген, спортқа махаббатымды оятқан Ахмет Жұмағалиға сыйладым. Ол кісінің жасы қазір 74-те", - деді Сметов.

Бұдан бөлек Жамбыл облысының дзюдо федерациясының президенті сыйлаған арыстан терісін Сметов досына сыйлаған.

Әнші Төреғали Төреәлі тарту еткен жылқы қазір Шымкентте екен. Ал ақтөбелік кәсіпкер Ануар Маханов атаған 100 жылқыны чемпион ағасына берген.

"Менің екінші туған ағам бар. Бұл аттарды сол ағама сыйладым", - деді Олимпиада чемпионы.

Айиа кетейік, Елдос Сметов Париж Олимпиадасында 60 кг салмақ дәрежесіндегі финалда франциялық дзюдошы Лука Мхеидзені жеңіп, алтын медаль иеленген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2155917-100-zhylqyny-agama-berdim-eldos-smetov-syilyqtardy-zhaqyndaryna-taratyp-bergen/