Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жамбыл облысының әкімі Елдос Сметов тұратын көшеге неліктен асфальт төселгенін түсіндірді

Жарияланған күні:

Асфальт төсеу жұмыстары
Асфальт төсеу жұмыстары. Фото: Тараз қаласының әкімдігі

Үкімет отырысында Жамбыл облысының әкімі Олимпиада жеңімпазы Елдос Сметовтың үйінің алдында асфальт неліктен пайда болғанын түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Жамбыл облысындағы Елдос Сметов тұратын көшеге асфальт төселгені және оның Олимпиада чемпионы болуына еш қатысы жоқ, жол салу жұмыстары жыл басында жоспарланған дейді облыс әкімі Ербол Қарашөкеев. Парламент палаталарының бірлескен отырысына келген әкім журналистердің сұрақтарына жауап берді.

"Жол салу оңай емес. Биылғы жылы демеушілік жасалды. Десе де демеушінің қаржысына жол салудың еш айыбы жоқ деп ойлаймын. Оның үстіне мемлекеттік сатып алу процесінің өзі объективті себептерге байланысты кешіктіріліп жатыр, сондықтан мен бұл жерде сыни ештеңе көріп тұрған жоқпын.

Түсіндіре кетейін, бұл ауылға жол салынады деп жоспарланған болатын, бірақ мемлекеттік сатып алу жұмыстары кешігуіне байланысты. Оның әкесі мен анасы "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" екенін білесіздер". Елдостың анасы жол жасап беруді сұраған еді.

Ал біз мемлекеттік сатып алу рәсімі жүріп жатқанын, біраз күту керек екенін айттық. Алайда қонақтар, соның ішінде кәсіпкерлер келіп, демеушілік қаражат есебінен чемпионымызға жол салып берді. Менің ойымша бұл жағдайға жаман ештеңе жоқ", - деп жауап берді әкім.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2155941-zhambyl-oblysynyng-akimi-eldos-smetov-turatyn-koshege-onsyz-da-zhol-toseletin-edi/