Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Қазақ күресінен Азия чемпионы": жаңа туризм және спорт министрі туралы не білеміз

Жарияланған күні:

Ербол Мырзабосынов
Ербол Мырзабосынов. Фото: gov.kz

Кеше, 2 қыркүйекте Ербол Мырзабосынов туризм және спорт министрі болып тағайындалды. KAZ.NUR.KZ тілшісі жаңа министр туралы мәліметтер ұсынады.

Ербол Мырзабосынов 1984 жылы Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Семей мемлекеттік педагогикалық институтын, Қазақ гуманитарлық-заң инновациялық университетін, Қазақ спорт және туризм академиясын бітірген. PhD докторы. ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Мырзабосынов 2010 жылы Өскеменде өткен қазақ күресінен VI Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды.

Еңбек жолын 2005 жылы Семей мемлекеттік педагогикалық институты Дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістемесі кафедрасының ассистенті, жаттықтырушы-оқытушысы болып бастаған.

2009-2013 жылдары Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы, 2013-2014 жылдары Семей қаласының мемлекеттік медицина университетінің дене тәрбиесі кафедрасының меңгерушісі, 2018-2020 жылдары "Қызылжар Арландары" спорт клубының директоры қызметін атқарған. Ал 2020-2021 жылдары Qazaq kuresi қауымдастығының басқарушы директоры, 2021-2023 жылдары Дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының ректоры болып жұмыс істеді.

Ербол Мырзабосынова Туризм және спорт министрі қызметіне тағайындалғанға дейін Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы қызметін атқарды.

Еске салайық, 31 тамызда мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Маржықпаев туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2156388-qazaq-kuresinen-aziia-chempiony-zhanga-turizm-zhane-sport-ministri-turaly-ne-bilemiz/