Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жаңадан тағайындалған туризм және спорт министрі ант берді

Жарияланған күні:

Ербол Мырзабосынов
Ербол Мырзабосынов. Скриншот: youtube.com/PrimeMinister_kz

Кеше, 2 қыркүйекте Ербол Мырзабосынов туризм және спорт министрі болып тағайындалды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Мемлекет басшысының жарлығымен Ербол Қуантайұлы Мырзабосынов Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі лауазымына тағайындалған еді. Ол осыған дейін жұмыс атқарған Ермек Маржықпаевтың орнына келді.

Бүгін, 3 қыркүйекте үкімет отырысының кезекті жиынында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосының Қазақстан халқына ант берді.

"Қазақстан Республикасының халқы мен президенті алдында өз отаным Қазақстанның экономикалық және рухани ісінің дамуына барлық күш қуатымды, білімімді жұмсауға, мемлекеттің конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзімнің барлық әс-әрекетімде заңды, әділ, азаматтық принциптерді ұстануға Қазақстан халқына адал қызмет етуге салтанатты түрде ант беремін", - деді жаңа министр.

Айта кетейік, мемлекет басшысының жарлығымен Ермек Боранбайұлы Маржықпаев Қазақстан республикасының туризм және спорт министрі лауазымынан босатылған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2156437-turizm-zhane-sport-ministri-ant-berdi/