Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Демеу – докторант, Ғұсман – магистрант": Олимпиада жүлдегерлері білім грантына ие болды

Жарияланған күні:

Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаев білім грантына ие болды
Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаев білім грантына ие болды. Скриншот: instagram.com/kazast_official

Олимпиадада жүлдегерлері Демеу Жадыраев, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа Қазақ спорт және туризм академиясында білім алуға мүмкіндік беретін гранттар табысталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ академияның Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақ спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьянов білім күніне арналған жиында Париж Олимпиадасының жүлдегерлері Демеу Жадыраевқа докторантурада, Нариман Құрбанов пен Ғұсман Қырғызбаевқа магистратурада тегін білім алуға мүмкіндік беретін Академия грантын табыс етті.

"Практика жүзінде білген-түйгенімізді енді теориямен ұштастыруға, ғылыми тұрғыда ізденуге мүмкіндік берген, өзім оқыған академия басшылығына ризашылығымызды білдіреміз. Ал, артымыздан ерген жас өрендерге сәттілік тілейміз. Алға қойған мақсаттарыңа жетуден ешқашан шаршамаңдар", - деді Демеу Жадыраев.

Айта кетейік, Демеу Жадыраев Париж Олимпиадасында грек-рим күресінен күміс жүлде еншілесе, Нариман Құрбанов спорттық гимнастикадан күміс медаль жеңіп алған еді. Ал Ғұсман Қырғызбаев дзюдодан Олимпиаданың қола жүлдегері атанды.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Олимпиада жүлдегері атанған армия спортшыларын марапаттаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2156524-demeu-zhadyraev-nariman-qurbanov-pen-gusman-qyrgyzbaev-bilim-grantyna-ie-boldy/