Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада-2024: қазақстандық спортшы финалда 6-орын алды

Жарияланған күні:

Қазақстандық спортшы Тұрсынай Қабыл
Қазақстандық спортшы Тұрсынай Қабыл. Фото: t.me/mediaparis2024

Пара пауэрлифтингтен Қазақстан құрамасының спортшысы Тұрсынай Қабыл Париж Паралимпиадасының финалында бақ сынады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Тұрсынай Қабыл 45 килограмға дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түсті. Ол 95 кг нәтижесімен тоғыз спортшының ішінде алтыншы орынға тұрақтады.

Алтын медальді Қытай спортшысы Гуо Линглинг 123 кг нәтижесімен жеңіп алды. Бұл жаңа Паралимпиада рекорды болып саналады. Күміс медальді 109 кг нәтижесімен Ұлыбритания спортшысы Зои Ньюсон еншілесе, қола медаль 108 кг нәтижесімен Түркия спортшысы Муратлы Назмиеге бұйырды.

Тұрсынай Қабыл – пара пауэрлифтингтен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы, әлем кубогының екі дүркін қола жүлдегері. Ол 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия Пара ойындарында күміс жүлде жеңіп алған еді.

Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін болады. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы аттанған болатын. Қазақстан құрамасы спорттың 9 түрінен 33 лицензия иеленген еді. Бұл ел Паралимпиадасы тарихындағы рекордтық көрсеткіш саналады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157243-paralimpiada-2024-qazaqstandyq-sportshy-finalda-6-oryn-aldy/