Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жеңісімді қазақ халқына арнаймын": екі дүркін Паралимпиада чемпионы жанкүйерлеріне алғыс айтты

Жарияланған күні:

Қазақстандық пара спортшы Давид Дегтярев
Қазақстандық пара спортшы Давид Дегтярев. Фото: Нұрғали Жұмағазы

Пара пауэрлифтингтен екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанған Давид Дегтярев жеңістен кейінгі әсерін бөлісті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Давид Дегтярев Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының финалында 54 кг дейінгі салмақта сынға түскен еді. Ол 188 кг салмақты еңсеріп, алтын медаль жеңіп алды.

"Мен өте қуаныштымын, қолдауларыңызға, тілекші болғандарыңызға, сенімдеріңізге және көмектескендеріңізге рақмет. Жанкүйерлердің, жақындарымның, достарымның қолдауы сезілді. Жеңісімді Қазақстан халқына арнаймын", - деді Давид Дегтярев Qazaqstan телеарнасына берген сұқбатында.

Айта кетейік, Давид Дегтярев Қазақстан тарихындағы тұңғыш екі дүркін Паралимпиада чемпионы атанды. Ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасында да топ жарған еді.

Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде Париж Паралимпиадасының 3 жүлдесі бар. Дегтярев алғашқы алтынды қоржынға салса, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов күміс, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков қола жүлде жеңіп алған еді.

Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы аттанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157445-zhengisimdi-qazaq-halqyna-arnaimyn-eki-durkin-paralimpiada-chempiony-zhankuierlerine-algys-aitty/