Қазақстандық пара жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали 2024 жылғы Паралимпиадада SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзу жарысында Азия рекордын орнатып, финалға өтті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.
Нұрдәулет Жұмағали іріктеу кезеңінде белгіленген межені 1 минут 05,11 секундта жүзіп өтіп, мәреге бірінші келді. Осылайша, Париж Паралимпиадасының финалына жолдама алды. Сондай-ақ оның көрсеткіші Азия рекорды ретінде есептелді.
Айта кетейік, Нұрдәулет Жұмағали 100 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуден Токио-2020 Олимпиадасында қола жүлде жеңіп алған еді. Сонымен бірге соңғы Азиадада жеңіске жетіп, екі рет әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.
Қазақстандық пара жүзгіш 3 қыркүйекте Париж Паралимпиадасында кешенді стильмен 200 метр қашықтыққа жүзуден сынға түсіп, финалға өте алмаған болатын.
Әзірге Қазақстан құрамасының еншісінде 3 жүлде бар. Пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев алғашқы алтынды қоржынға салса, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов күміс, пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков қола жүлде жеңіп алған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157651-qazaqstandyq-sportshy-paralimpiada-oiyndarynda-rekord-ornatty/