Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ еліне +1 алтын: Ақмарал Науатбек Паралимпиада чемпионы атанды

Жарияланған күні:

Ақмарал Науатбек
Ақмарал Науатбек. Фото: Нұрғали Жұмағазы

Франция астанасы Париже өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбек финалда өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында Ақмарал Науатбек финалдық кезеңде сынға түсті. Ол финалда тәжірибелі франциялық спортшы Сандрин Мартинетпен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық дзюдошы 10:0 есебімен жеңіске жетті.

41 жастағы Сандрин Мартинет осыған дейін 5 Паралимпиадада сынға түскен (2004, 2008, 2012, 2016, 2020). 2016 жылы Риода өткен Паралимпиадада алтын медаль жеңіп алса, 2020 жылғы Токиодағы Паралимпиадада күміс медальді қанжығасына байлаған.

Ақмарал Науатбек 2022 жылғы әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанған.

Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы аттанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157772-aqmaral-nauatbek-parizhdegi-zhazgy-paralimpiada-oiyndarynyng-chempiony-atandy/