Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мемлекет басшысы Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады

Жарияланған күні:

Ақмарал Науатбек
Ақмарал Науатбек. Фото: Нұрғали Жұмағазы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының чемпионы Ақмарал Науатбекті құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

"Ақмарал Науатбекті Паралимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алуымен құттықтаймын! Сіз ел мерейін асырып, спорт жанкүйерлеріне зор қуаныш сыйладыңыз. Қажырлы еңбек пен қайтпас қайсарлықтың арқасында ең мықты қарсыластарыңыздан басым түстіңіз. Жеңісті күндеріңіз көп болсын!" – деп жазды Президент өзінің Х әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Ақмарал Науатбек Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында сынға түсті. Ол финалда тәжірибелі франциялық спортшы Сандрин Мартинетті 10:0 есебімен жеңіп, алтын медаль еншілеген еді.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 5 жүлде бар. Пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев және пара дзюдодан Ақмарал Науатбек алтын жүлдені қоржынға салса, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов және пара жүзуден Нұрдәулет Жұмағали күміс, ал пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков қола жүлде жеңіп алды.

Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы аттанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157903-memleket-basshysy-paralimpiada-oiyndarynyng-chempiony-aqmaral-nauatbekti-quttyqtady/