Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада-2024: бүгін кімдер ел намысын қорғайды

Жарияланған күні:

Ерғали Шамей
Ерғали Шамей. Фото: Туризм және спорт министрлігі

Ел құрамасы Паралимпиададағы алтын медальдар саны бойынша Қазақстан рекордын орнатып үлгерді. Жұмада Парижде өтетін ойындарда еліміздің тағы бірнеше отандасымыз жүлделі орындарды сарапқа салады.

Астана уақыты бойынша қазақстандық спортшылардың кестесі.

12:45. Пара жүзу.

Ерлер 50 м баттерфляй әдісі. Квалификация.

Сиязбек Далиев

Әйелдер 50 метрге еркін жүзу. Квалификация.

Зульфия Ғабидуллина

13:00. Пара дзюдо.

Әйелдер, 70 кг дейін.

Аяла Мереке

Ерлер, 74 келіге дейін.

Ерғали Шамей

Әйелдер, 57 кг дейін.

Даяна Федосова

13:10. Пара каноэ.

Ерлер арасындағы 200 метрге жалғыз байдарка. Квалификация.

Бибарыс Спатай

Әйелдер арасындағы 200 метрге жалғыз жүгіру. Квалификация.

Жаңыл Балтабаева

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан құрамасы Парижде өтіп жатқан Олимпиадада 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

Пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев және пара дзюдодан Ақмарал Науатбек алтын жүлдені қоржынға салса, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов және пара жүзуден Нұрдәулет Жұмағали күміс, ал пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков қола жүлде жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157952-paralimpiada-2024-bugin-kimder-el-namysyn-qorgaidy/