Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада чемпионы Ақмарал Науатбек: Жеңіске жеткен сәтте анама жүгіріп бардым

Жарияланған күні:

Ақмарал Науатбектің жеңіске жеткен сәті
Ақмарал Науатбектің жеңіске жеткен сәті. Фото: IAN RICE/AFP via Getty Images

Франция астанасы Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбек финалда өнер көрсетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Кеше, 5 қыркүйек Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында Ақмарал Науатбек финалдық кезеңде сынға түсті. Ол финалда тәжірибелі франциялық спортшы Сандрин Мартинетпен кездесіп 10:0 есебімен жеңіске жеткен еді.

Ел қоржынына екінші алтын жүлде сыйлаған Ақмарал Науатбек Qazaqstan телеарнасының "1001 түн" бағдарламасына сұқбат берді.

"Отбасым жанымда, мені қолдауға Парижге келген. Ең әсерлі естелігім – анама жүгіріп барғаным. Анам, әкем, інілерім және күйеуім де жанымда. Отбасымның қасымда болғанына қуаныштымын", - деді спортшы.

Ақмарал Науатбек 2022 жылғы әлем чемпионы және Азия ойындарының жеңімпазы атанған. Айта кетейік, Париж Паралимпиадасы 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Жарысқа 182 мемлекеттен 4400 спортшы қатысып жатыр. Байрақты бәсекеге Қазақстаннан 44 спортшы аттанған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2157997-paralimpiada-chempiony-aqmaral-nauatbek-zhengiske-zhetken-satte-anama-zhugirip-bardym/