Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алтын көп болсын": Елдос Сметов дзюдодан ел тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионын құттықтады

Жарияланған күні:

Елдос Сметов пен Ақмарал Науатбек
Елдос Сметов пен Ақмарал Науатбек . Фото: instagram.com/sportilinet

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Паралимпиада ойындарында алтын медаль еншілеген қазақстандық дзюдошы Ақмарал Науатбекті жеңісімен құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Ақмарал Науатбек 48 кг салмақ дәрежесіндегі Паралимпиада финалында франциялық спортшы Сандрин Мартинетті 10:0 есебімен жеңіп, алтын медаль иеленген еді. Осылайша, пара дзюдодан Қазақстан тарихындағы тұңғыш Паралимпиада чемпионы атанды.

Дзюдодан Қазақстанның тұңғыш Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Instagram желісіндегі ресми парақшасында Ақмарал Науатбекті жеңісімен құттықтады.

"Тарихи жеңісіміз құтты болсын. Дзюдодан Паралимпиада ойындарында Ақмарал қарындасымыз алтыннан алқа тағынып жатыр. Қоржынымыз алтынға тола берсін. Көк байрағымыз көкте желбірей берсін. Алтынымыз көп болсын. Жарайсың, Ақмарал! Құттықтаймын!", - деді Елдос Сметов.

Еске салайық, Ақмарал Науатбек финалдан кейінгі әсерін бөлісіп, франциялық қарсыласы туралы айтқан еді.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде Париж Паралимпиадасының 5 жүлдесі бар. Пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев және пара дзюдодан Ақмарал Науатбек алтын жүлдені қоржынға салса, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов және пара жүзуден Нұрдәулет Жұмағали күміс, ал пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков қола жүлде жеңіп алды.

Елдостың Instagram stories-і
Елдостың Instagram stories-і. Скриншот: instagram/yeldos60kg

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158110-altyn-kop-bolsyn-eldos-smetov-dziudodan-el-tarihyndagy-tunggysh-paralimpiada-chempionyn-quttyqtady/