Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиада жүлдегері атанған қазақ спортшыларына мемлекет тарапынан не беріледі

Жарияланған күні:

Ақмарал Науатбек
Ақмарал Науатбек. Фото: THIBAUD MORITZ/AFP via Getty Images

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының жүлдегері атанған қазақстандық спортшылар мемлекет тарапынан сыйақы алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарында ерлер арасында ядро лақтырудан F36 санаты бойынша финалдық кезеңде Дастан Мұқашбеков сынға түсті. Ақтық кезеңде жалпы саны 7 спортшы өзара мықтыны анықтады. Дастан Мұқашбеков 16 метр көрсеткішті тіркеп, Азия рекордын жаңартып, Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды. Қола медаль үшін Дастан мемлекет тарапынан 75 000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйақы алады.

Қазақстандық пара жүзгіш Нұрдәулет Жұмағали Париж Паралимпиадасының финалында SB13 санатында 100 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түсіп, күміс жүлде еншіледі. Ақтық сында 8 спортшы бақ сынады. Нұрдәулет Жұмағали мәреге екінші болып жетті. Оның уақыт көрсеткіші – 1:04:83 секунд. Бұл жеңісі үшін Нұрдәулет мемлекет тарапынан 150 000 АҚШ доллары көлемінде қаржылай сыйақы алады.

Ал Паралимпиада ойындарында дзюдодан 48 кг салмақ дәрежесінде J2 санатында Ақмарал Науатбек финалдық кезеңде сынға түсті. Ол финалда тәжірибелі франциялық спортшы Сандрин Мартинетпен кездесті. Нәтижесінде қазақстандық дзюдошы 10:0 есебімен жеңіп, ел қоржынына екінші алтын жүлдені салды. Ақмарал Науатбек чемпион атанғаны үшін мемлекеттен 250 000 АҚШ долларын алады.

Айта кетейік, Париждегі жазғы Паралимпиада ойындарының медаль кестесінде Қазақстан құрамасы нәтижесін жақсартты. Қазір Қазақстан құрамасы Франция астанасы Парижде өтіп жатқан Паралимпиада ойындарының медаль кестесінде 34-орынға тұрақтады. Ел қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола медаль бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158135-paralimpiada-zhuldegeri-atangan-qazaq-sportshylaryna-memleket-tarapynan-ne-beriledi/