Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық жүзгіш Паралимпиада ойындарының финалына шықты

Жарияланған күні:

Сиязбек Далиев
Сиязбек Далиев. Фото: Adam Davy/PA Images via Getty Images

Қазақстандық жүзгіш Сиязбек Далиев Париж Паралимпиадасының финалына шықты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Сиязбек Далиев пара жүзуден S5 классында 50 метр баттерфляй әдісімен жүзудің іріктеу кезеңінде сынға түсті. Ол қашықтықты 36.42 секундта жүзіп өтіп, мәреге сегізінші болып келді. Финалға үздік нәтиже көрсеткен 8 спортшы жолдама алды. Ақтық сын бүгін Астана уақыты бойынша 20:52-де өтеді.

Айта кетейік, Далиев өткен Паралимпиадада бесінші орын иеленсе, 2022 жылы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған еді.

Осыған дейін Сиязбек Далиев Париж Паралимпиадасында 50 метрге шалқалай жүзуден 10-орынға тұрақтаған болатын.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде Париж Паралимпиадасының 5 жүлдесі бар. Пара пауэрлифтингтен Давид Дегтярев және пара дзюдодан Ақмарал Науатбек алтын жүлдені қоржынға салса, пара оқ атудан Еркін Ғаббасов және пара жүзуден Нұрдәулет Жұмағали күміс, ал пара жеңіл атлетикадан Дастан Мұқашбеков қола жүлде жеңіп алды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158201-qazaqstandyq-zhuzgish-paralimpiada-oiyndarynyng-finalyna-shyqty/