Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ипотекалық қарыздарын жабуға көмектескен: министрлік Паралимпиада жүлдегерін ерекше марапаттады

Жарияланған күні:

Жаслан Мадиев және Еркін Ғаббасов
Жаслан Мадиев және Еркін Ғаббасов. Скриншот: instagram.com/digital_ministry_kz

Цифрлық даму министрлігінің ұжымы Париждегі Паралимпиада ойындарында пара оқ атудан күміс медаль жеңіп алған Еркін Ғаббасовты құттықтады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ министрліктің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев Паралимпиада жүлдегерін жеке құттықтап, алғыс хатпен және "Үздік цифрландырушы" төс белгісімен марапаттады. Сонымен қатар cпортшының ипотекалық қарыздарын жабуға көмектесу үшін министрлік атынан 7 миллион теңгелік сертификат табысталды.

"Біздің қатарымызда Еркіннің болғанына мақтанамыз, ол Паралимпиададағы оқ ату бойынша Қазақстанға алғашқы медаль әкелді. Еркін 2014 жылдан бері Көкшетау мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында жұмыс істеп келе жатқан білікті маман. Оның жетістікке жету жолы – табандылық пен қайсарлықтың тарихы", - делінген министрліктің хабарламасында.

Еске салайық, Еркін Ғаббасов Париж Паралимпиадасында R1 санатында винтовкамен 10 метрге пара оқ атудан сынға түсіп, күміс жүлде еншілеген еді. Ол финалда 227.3 ұпай жинады. Бұл биылғы Паралимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына түскен алғашқы медаль болды.

Қазір Қазақстан құрамасының еншісінде 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде бар. Париждегі Паралимпиада ойындары 8 қыркүйекке дейін жалғасады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158246-ipotekalyq-qaryzdaryn-zhauyp-berdi-ministr-zhaslan-madiev-paralimpiada-zhuldegerin-marapattady/