Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Паралимпиададан қола алған Дастан Мұқашбеков: Жарыс қиын болды

Жарияланған күні:

Қола жүлдегер Дастан Мұқашбеков
Қола жүлдегер Дастан Мұқашбеков. Фото: KAZ.NUR.KZ

Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Дастан Мұқашбеков пен Еламан Жоламан елге оралды. Тілшіміз спортшылармен сұхбаттасып қайтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Туысқандарыма, ата-анама және жұбайым мен балаларыма алғыс айтамын. Сондай-ақ тренерлеріме де мың алғыс. Олимпиада чемпионы, паралимпиада чемпиондары, әлем чемпиондары бар, жарыс қиын болды", - деді Дастан Мұқашбеков.

"Жеңіс тұғырына көтерілгенде, ұлықтап, шапаныңызды киіп шықтыңыз. Бұл қай кезде ойыңызға келді?" - деп сұрады тілшілер спортшыдан.

"Бұл шапанды Әлем чемпионатында 3-ші орын алған кезде киіп шыққанмын. Содан басталды бұл дәстүр", - деп жауап берді паралимпидашы.

Сондай-ақ келесі паралимпиадаға қатысу жоспарында бар екенін, бір айдан соң Қазақстан чемпионатына қатысатынын айтты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158323-qazaqstandyq-paralimpiadashylar-elge-oraldy-sportshylarmen-suhbat/