Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық паралимпиадашылардың алғашқы легі елге оралды (фото)

Жарияланған күні:

Паралимпиадашыларды күтіп алу сәтінен
Паралимпиадашыларды күтіп алу сәтінен. Фото: KAZ.NUR.KZ

Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Дастан Мұқашбеков пен Еламан Жоламан елге оралды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бүгін, 7 қыркүйек күні сағат 08:45-те Астана қ. халықаралық әуежайына пара жеңіл атлетикадан XVII жазғы Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері Дастан Мұқашбеков пен Еламан Жоламан елге оралды.

Паралимпиадашыларды күтіп алу сәтінен
Паралимпиадашыларды күтіп алу сәтінен. Фото: KAZ.NUR.KZ

XVII жазғы Паралимпиада ойындарында Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан F36 санатында қола медаль жеңіп алды. Оның нәтижесі – 16 метр. Бұл – Азия құрлығының жаңа рекорды.

Қола жүлдегер Дастан Мұқашбеков
Қола жүлдегер Дастан Мұқашбеков. Фото: KAZ.NUR.KZ

Ядро лақтырудан F35 санатында, финалда өнер көрсеткен Еламан Жоламан жарысты 7-орынмен аяқтады. Оның көрсеткіші – 11.56 метр.

Паралимпиаданың сегізінші жарыс күнінен кейін Қазақстан құрамасының қоржынында 2 алтын, 2 күміс, 1 қола жүлде бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158483-qazaqstandyq-paralimpiadashylardyng-algashqy-legi-elge-oraldy/