Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Барынша тырыстым": ядро лақтырушы паралимпиадашы Еламан Жоламан дүбірлі доданы қорытындылады

Жарияланған күні:

Паралимпиадашы Еламан Жоламан
Паралимпиадашы Еламан Жоламан. Фото: parasport.kz

Паралимпиада ойындарына қатысып, 7-орын алған Еламан Жоламан елге оралды. Тілшіміз спортшымен сұхбаттасып қайтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Финалда ақтық сынға шықтың. Жеңіске не жетпей қалды?" - деп сауал тастады тілшілер.

"Бірінші рет қатысып отырған соң атмосфера шамалы ауырлау болды. Дайындығым жақсы жоғары болған, ойымдағыдай шықпады. Өзімді барынша көрсетуге тырыстым. Өзіме қатты жауапкершілігім алып қойдым, келесіде қателіктеріммен жұмыс істеймін. Келесі олимпиадаға дейін дайындаламын. Атмосферасын сезіндім, Алла қаласа қолымнан келеді. Ендігі мақсат – Әлем чемпионаты", - деп жауап берді Жоламан Еламан.

Паралимпиадашыларды күтіп алу сәтінен
Паралимпиадашыларды күтіп алу сәтінен. Фото: KAZ.NUR.KZ

Еске сала кетейік, бүгін, 7 қыркүйекте Қазақстандық паралимпиадашылардың алғашқы легі елге оралды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158494-barynsha-tyrystym-qazaqstandyq-paralimpiadashy-elaman-zholaman-dubirli-dodany-qorytyndylady/