Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстандық дзюдошы Паралимпиада-2024 ойындарында қола үшін күреседі

Жарияланған күні:

Жұрқамырза Шүкірбеков
Жұрқамырза Шүкірбеков. Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасының өкілі Жұрқамырза Шүкірбеков Парижде өтіп жатқан жазғы Паралимпиада ойындарында қола үшін күреседі, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Спортшы көру қабілеті нашар спортшыларға арналған J2 санатында 90 келіден жоғары салмақ дәрежесінде сынға түседі. Ширек финалда ол бразилиялық Серхио Фернандес Жуниорды уақытынан бұрын жеңіп кетті.

Жартылай финалда Шүкірбеков осыған дейінгі Паралимпиада ойындарының күміс жүлдегері – грузиялық Реваз Чикоидземен кездесті.

Финалға жолдама тағдыры бір жарым минутта шешілді. Чикоидзе иппон жасады, яғни уақытынан бұрын жеңіске жетті.

7 қыркүйекте өтетін кешкі сессияда Шүкірбеков француз Насер Зорганимен қола үшін жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, бұған дейін қазақстандықтар – Ғалымжан Смағұлұлы мен Бауыржан Аырстанбеков медаль алу мүмкіндігінен айырылған болатын. Азия ойындарының жүлдегерлері 90 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп, алдын ала сында жеңіліс тапты. Смағұлұлы J2 санатында, Арыстанбеков J1 санатында (мүлдем көрмейтіндер) жұдырықтасқан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158542-qazaqstandyq-dziudoshy-zhurqamyrza-shukirbekov-paralimpiada-2024-oiyndarynda-qola-ushin-zhudyryqtasady/