Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Автобуспен көшпенділер ойындарын көруге шыққан түрік отбасы 21 күн дегенде Астанаға жетті

Жарияланған күні:

Бурак Дуран
Бурак Дуран. Видеодан скриншот: youtube.com/@KhabarNEWS

Астанада өтетін V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын тамашалау үшін Анкарадан автобуспен жолға шыққан түрік отбасы кеше Астанаға жетті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Qazaqstantv арнасына сілтеме жасап.

Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын көру үшін Анкарадан автобуспен шыққан түрік отбасы кеше Астанаға ат басын тіреді. Олар елордаға дейін 5400 шақырым жол жүріп келген.

40 жастағы ағаш ұстасы Бурак Дуран жұбайы Идил Дуранмен және екі жастағы ұлы Гүнеш Кутлуханмен бірге Түркиядан 12 тамыз күні шыққан болатын. Олар Түркия, Грузия, Ресей, Татарстан арқылы 21 күнде жеткен.

Олар елімізде өтетін дүбірлі доданы аренадан тамашалайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158558-avtobuspen-koshpendiler-oiyndaryn-koruge-shyqqan-turik-otbasy-21-kun-degende-astanaga-zhetti/