Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталды (тікелей трансляция)

Жарияланған күні:

Көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты
Көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты. Скриншот: youtube.com/@QazaqstanTV

Бүгін, 8 қыркүйекте сағат 19:00-де Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты басталды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly, "Хабар" телеарналарынан тікелей эфирде көруге болады. Салтанатты шарада заманауи сахналық технологиялар мен мультимедиялық дизайн қолданылған, 2 сағаттық ауқымды музыкалық-театрландырылған қойылым көрсетіледі. Шоуға 3000-ға жуық өнерпаз қатысады.

Ашылу салтанаты дәстүрлі түрде спорт делегацияларының шеруінен басталып, соңында Қазақстанның Халық әртісі Димаш Құдайбергеннің орындауындағы халықтар достығы мен бірлігі туралы музыкалық композициямен түйінделеді.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада болады. Оған 90-ға жуық елден 2000-нан аса спортшы қатысады.

Байрақты бәсекенің басты тақырыбы – "Ұлы дала дүбірі" ұраны. Қатысушылар ат жарысы, ұлттық күрес түрлері, дәстүрлі зияткерлік ойындар, жекпе-жек, садақ ату және халық ойындары сияқты 21 спорт түрінен бақ сынайды. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158770-duniezhuzilik-koshpendiler-oiyndarynyng-ashylu-saltanaty-bastaldy/