Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан құрамасы Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Жарияланған күні:

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары
V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары. Скриншот: t.me/aqorda_resmi

Қазақстан құрамасы Астанада V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Бүгін, 8 қыркүйекте Астана қаласындағы "Астана Арена" стадионында V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанаты өтіп жатыр. Бұл доданың ашылу салтанатына Қазақстан құрамасы да қатысты.

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 261 спортшы ел намысын қорғайды.

Сондай-ақ салтанатты шараға мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев, Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев, Қырғызстан Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасы Гурбангулы Бердімұхамедов, Татарстан Раисы Рустам Минниханов, Саха Республикасының басшысы Айсен Николаев, Моңғолияның III Президенті Намбарын Энхбаяр қатысып отыр.

Көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын Qazaqstan, Qazsport, Jibek Joly, "Хабар" телеарналары тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-14 қыркүйек аралығында Астанада өтеді. Бұл дода елімізде тұңғыш рет өтіп жатыр. Қатысушылар 21 спорт түрінен бақ сынайды. Барлығы 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2158782-qazaqstan-quramasy-duniezhuzilik-koshpendiler-oiyndarynyng-ashylu-saltanatyna-qatysty/